Қалада жүріп жатқан үгіт насихат жұмыстары АЭС оң баға бер деп емес, мәселені оңынан түсіндіруге бағытталған. Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері студенттермен жолыққанда осыны түсіндірді. Мамандар жастарды желідегі жел сөзге еремей, жобаның жөнін ұғуға шақырды.
«Электр энергиясы – экономиканың қозғаушы күші. Дамыған елдер бұл мәселені шешуде белсенді әрекет етеді. Бүгінгі таңда әлемде 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр, оның 94-і АҚШ-та, 56-сы Францияда, 12-сі Жапонияда, 36-сы Ресейде.
АРУЖАН ӘЛЖАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әлеуметтік желідегі сенімсіз сөздерге ерме сөздерге ермеуі Сол дүниелерді әуелі зерттеп біліп алуын түсіндіріп жатырмыз.
Авиценна атындағы жоғары медициналық колледж студенттеріне АЭС құрылысының тиімді түстары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Көңілге күдік ұялатқан қауіпті жақтарынан технология дамыған шақта қорықпауға шақырды.
ӨТЕГЕН ХАЛЕНОВ, АВИЦЕННА АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ЖАСТАР ІСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл жерде біздің түсінгеніміз аэс пайдалы жақтарын түсіндіріп кетті
АЭС салу – заман талабы. Дамыған елдерде атомды адамзат игілігіне пайдаланып, электр энергиясын алып жатыр. Сондықтан ауқымды жобадан аяқ тартудың керегі жоқ.