Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады.
Белгілі болғандай, күдікті азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 000 теңгені қолды етпек болған.
Абырой болғанда, полицейлер жедел шара көріп, күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Ұрлық фактісі дүкендегі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Кейіннен аталған азматтың тап осы дүкенге бұған дейін 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.