Бүгін – радио күні. Елімізде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған. Осы тарихи негізді алға тартып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды "Радио қызметкерлері" күні деп жариялауды ұсынған еді. Осы орайда «Оңтүстік» радиосы туралы да ақпаратты назараларыңызға ұсынсақ.
 Жалпы Оңтүстік Қазақстанда радиохабарларын тарату 1934 жылдан басталады деген мәліметтер бар. Бірақ мұрағаттағы құжаттарда ол көмескелеу көрсетілген.  Ол сым жүйесі арқылы алғашқы хабарларын тарата бастайды. 1986 жылы Радио хабарлары іске қосылған «Тесла» жабдықтарымен әуе толқынына шығады.  Бүгінде хабарларын тәулігіне екі сағат тарататын «Оңтүстік» радиосы – аймақтың желідегі ең ірі ақпарат жүйесі. Шымкенттің бас радиосы мегополистің радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Түркістан облысына тіпті, Жамбыл облысының шекаралас аймақтарына да жетеді.