Жылыту маусым кезінде азаматтардың амандығы маңызды. Осылай деген төтеншеліктер қатты отын пайдаланатын үйлерде түсіндіру жұмыстарын күшейткен. Мамандар әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнайы көмек те көрсетіп жүр. Ондағы мақсат сол – ыстан улану дерегінің санын азайту. Мегаполистегі бүгінгі ахауал баспасөз конференциясында талқыланды.
 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шымкентте қатты отын пайдаланатын 13500 үй тіркелген. Мамандар «Өрт қауіпсіздігі» айлығында осы үйлерге жиі бас сұғады. Көмірді дұрыс пайдалану, жиі-жиі ауа желдетуді түсіндіреді. Нәтиже жаман емес. Өткен жылы уланған 8 кісі көз жұмса, кейінгі кезеңде бұл көрсеткіш 50 пайызға төмендеген.
ЭЛЬМИРА ЕРЕЖЕПОВА, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
-7 мыңнан астам адамды қамтитын 3500 үй араланып, білім беру мекемелерінде 1000 оқушыны қамтитын 34 интерактивті сабақ өткізілді.         Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 1 кезеңде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды.  Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары жүргізілуде.
 Мамандар есік қағып, тексеріп келген азаматтарға есік ашыңыз дейді. Газ құбырларын тексертіп алғаныңыз жөн.   
ЭЛЬМИРА ЕРЕЖЕПОВА, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Жеке кәсіпкерлермен және аудандық әкімдіктермен меморандум түзу арқылы 125 газанықтағыш құрылғылары сатып алынды. Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтардың барлығын газанықтағыш құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында меморандум түзу жұмыстары жүргізілуде. Аптасына бір рет жылыту маусымы кезінде уланудың алдын алу бойынша СМС-тер жолданылады.
ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Шымкентте 22 жатақхана қатты отынмен жылытылады. Осы орныдарда түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіледі. Төтеншеліктер 81 үйге газанықтағыш құрылғы орнатып, тұрғындардың мұржасын тегін тазалап беруде.