Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер облыс әкімімен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өңірдің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосқан азазаматтар Дархан Сатыбалдының «Алғыс хатымен» марапатталды. Өзіндік қолтаңбасы бар қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді.
 ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аға буынның мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің барлық бағытта тұрақты дамуына, қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі зор. Әсіресе, қайта жаңғырған Түркістан облысының жаңа тарихында есімдеріңіз құрметпен аталары анық. Өткен аптада Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы жұмыстарды жоғары бағалады.
«Қарты бар ел – қазыналы». Киелі мекеннің құт-берекесіне айналған қарттар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
ЖЕҢІСБЕК МӘУЛЕНҚҰЛОВ,  «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Мемлекетімізде қарттарға айрықша көңіл бөлінуде. Өздеріңіз жақсы бәлесіздер, зейнетақы өсуде, жәрдемсақы молаюда. Өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа ұлғайып отыр.
Түркістан облысында зейнеткерлер мен қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған. Осы аталған жоспарды іске асыру аясында бүгінгі таңда облыста 15 орталық ашылып, 80 мыңға жуық зейнеткер тиісті қызметтермен қамтылып отыр.
СОЗАҚБАЙ ӘБДІҚҰЛОВ, АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
-Осы отырған қарттар елдің қиын-қыстау заманында аянбай еңбек еткен азаматтар. Талай қиындықты еңсеріп, елдің экономикалық әлеуетіне күш салғандар. Сіздерге алғысымызды айтамыз. Аман болыңыздар.
Облыста 200 мыңға жуық қарт тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Ал  60-ы 100 жастан асқандар.