Түркістан облысында 17-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Екі жыл бұрын облыс орталығында дәл осындай алғашқы нысан пайдалануға берілген болатын. Орталықтың қызметіне зейнеткерлердің арасында сұраныс жоғары болуына байланысты «Отырар» тұрғын алқабынан тағы бір филиал қызмет көрсетуге дайын.
Орталықтың ашылу салтанатында шаһардың ақсақалдары ақ батасын беріп, мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдірді. Өңір басшысы ардагерлермен кездесіп, пікірлерін тыңдады. Орталықты аралап көріп, жұмысына сәттілік тіледі.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 07,58-08,27
-«Қариялар – ырыс пен ынтымақтың қайнар көзі», дейді дана халқымыз. Облысымызда ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарының маңызы зор. Бүгінгі таңда 15 ауданда орталық ашылып, 80 мыңға жуық зейнеткер тиісті қызметтермен қамтылуда. Бүгін өздеріңізбен бірге киелі шаһарда үшінші орталықты іске қосып отырмыз. Үлкеннің жолы, ағалық ақылы – асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау – басты парызымыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашу тапсырылған. Негізгі мақсат – ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау.
Бүгінде Түркістан қаласында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталық қызметтеріне күніне 60-70, ал айына 120-150 қарт жүгінеді. Жыл басында зейнет жасындағылардың 3480-ін қамту жоспарланған болса, соның 2240-на қызмет түрлері көрсетілді.
Орталықта қарияларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық және өзге де көмектер көрсетіледі. Қарттардың алаңсыз тынығып, саламатты өмір салтымен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.