Халықаралық қарттар күні Жетісай ауданында да тойланды. Іс-шараға өңірін түлетуде тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына үлес қосқан абыздар қатысты. Бірқатары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қазыналы қарттардың бойндағы өмірге деген белсенділік пен ерік-жігерді өскелең ұрпақ өнеге етіп жүр. Тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен бастап елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, саяси тұрақтануына үлес қосқан қарттар құрметтелді.
ДОСЖАН АСҚАРҰЛЫ – ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
-Ақыл кеңестің үлгі өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер аман есен жүргейсіздер. Дендерңізге саулық отбасыларыңызға амандық тілеймі. 1-Қазан қарттар күні мерекесімен баршаңызды шың жүректен құттықтаймын.
Салтанатты іс-шара барысында аға буын өкілдері қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне батыстық идеялогияның кері әсері, зардаптары мен алдын алу жолдары жайында айтып, болашақ иелерін тәрбиелеуде күш біріктіруге шақырды. Сондай-ақ қариялар ауылдың көркеюіне, инфрақұрылымның дамуына ат салысып жүргендерін айтты.
ЕНДІБАЙ АРТЫҚБАЕВ – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ
-Қәзіргі кезде ауылдың ішінде газ жүріп жатыр. Ол мәселе қойылып жатыр. Ауыл арасын жарықтандыру мәселесі. Бұлар шетінен шешімін тауып келе жатыр. Әзір орталықтың ауыз су мәселесі шешілу үстінде. Бір башня қойып бер деген едік сол жақында қойылады деп естідік.
Мерекелік жиында аудандық «Жетісай» мәдениет үйі өнерпаздары қарияларға концерттік бағдарлама ұсынды. Күш-қайратын елдің ертеңіне арнап еңбек еткен қарттар округ әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Дүниеден өткендердің рухына құран бағышталып, ас берілді.