Бағдаршамдардағы цифрлы кері санақ толығымен  алынады.  Жауаптылар мұны жол көлік оқиғасын азайту мақсатында ұйымдастырып отыр. Транспорт басқармасының өкілдері кері санақ белгісін алып тастағалы жол көлік апаты азайғанын айтады.
Шаһар көшелерінің қиылысындағы көзге үйреншікті кері санақ белгі енді болмайды. Себебі транспорт басқармасы кептелісті азайтып, жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында бүл белгіні қажетсіз деп тапқан. Мұндай кері санақ белгілері бұған дейін 222 көше қиылысындағы бағдаршамда болса, бүгігі күні оның 117-сі алынып тасталған. Есесіне ақылды бағдаршам саны артатын болады.  
РОЛАН ИБРАГИМОВ – ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Өкінішке орай кейбір водителдер бұны теріс мақсатта пайдаланады. Яғни көріп тұрып жасыл екі секунд қалған кезде ол өтіп кетейін деп газды басады оданкейін сары үш секунд екенін біледі. Сосын көбінесе авария туындайды. Жаяу жүргіншілерде мынау орталық көшелерде секундамермен тұрады ғой? Именно жаяу жүргіншіге ғана сондай қоямыз. Ал автомобилдерге барлығын алып тастаймыз оның.