Үшінші мегаполис көркейіп, өркениет көшіне ілесіп келеді. Әлеуметтік салалар дамып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алайда аз-кем олқылық, қат-қабат мәселе де жоқ емес. Қала аумағында күрделі жөндеуді талап ететін мекемелер, білім ордалары, тозығы жеткен көше сынды бірқатар нысандар бар. Сондай-ақ асфальт төселмеген жол мәселесі де тұрғындар ашу-ызасын тудындатып, нарзылықтарға сеп болған. Қала әкімдігі мәселелерден хабардар, жауап беруге дайын. «Ашық әкімдік» жобасы аясында қала әкімі бастаған аудан басшылары, басқарма өкілдері тұрғындар арыз-шағымын тыңдап, талап-тілектеріне құлақ түрді. Сан-сауалға жауап беріп, атқарылар жұмыстар жоспарын таныстырды.
Бағила Алтыбаева – Абай ауданына қарасты Шұбаркөл көшесінің тұрғыны. Айтуынша, аталған көшеге асфальт төселмеген. Қар жауып, жауын құйса шалшық су жаяу жүргінші үстін былғап, әбігер етеді. Арыз арқалаған тұрғын көшемізге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолағы салынса екен дейді.
Тұрғын талап-тілегін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілінен сұрадық. Айтуынша, жауаптылар мәселеден хабардар және әрекетсіз емес. Қала аумағында осы сыныды асфальт көрмеген 1000 шақырымға жуық жол бар. Басқарма жыл сайын оның 300 шақырымына асфальт төсеп, тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Сөзінше, алдағы уақытта қала көшелері жоспарға сай түгел жөндеуден өтеді. Тұрғындар тарапынан шыдам мен түсіністік қажет.
ДАРХАН УСМАНОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Әлеуемттік нысандарды, мектеп, балабақшаға баратын жолдарға басымдық беріп, жаңа құрылыс аумақтарындағы басты көшелерді қосып жатырмыз. Жүйелі жұмыс істеп жатырмыз»
Махамбетқали Ахметов – Семей сынақ пологионының ардагері. Ол өзі сынды тоқсан азматтың жыл сайын берілетін бір реттік жәрдемақыдан қағылып, ала алмай жүргенін айтады.
МАХАМБЕТҚАЛИ АХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Былтыр 28-30 адамға берген, биыл ешкімге бермей отыр.»– «Куәліктерімізде жазылған: алуға құқылы, әр айда алатын жәрдемақыны, сосын жыл сайын берілетін көмекақыны алуға құқығымыз бар»
КСМ: Қабылдауда бес аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары да тұрғындар арыз-шағымын тыңдап, қойын дәптеріне түртіп алды.
СҰЛТАНХАН ШӘКІР, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Тұрғынның мекен-жайын, айтылған арыз-шағымын бәрін жазып аламыз
да..» «Арызда көрсеткен, шағымда көрсеткен мәселесі
бойынша тиісті мекмелермен жұмыс істеп, жауабын береміз» «Тұрғынның мекен-жайын, айтылған арыз-шағымын бәрін жазып аламыз да..»«Арызда көрсеткен, шағымда көрсеткен мәселесі бойынша тиісті мекмелермен жұмыс істеп, жауабын береміз»
Ашық әкімдік жобасы аясында тұрақты түрде өтетін іс-шара ай сайын ұйымдастырылады. Келушілер алдын-ала қала әкіміне кіру үшін өтінім жіберуі қажет. Ал аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындар талап-тілегін тікелей қабылдайды. Сондай-ақ арыз-шағымдар легін әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларына да жолдауға болады.