АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда ҚР ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. 6506 әскери бөлімінде орналасқан №89 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6.00-де Қазақстан Республикасы Әнұранының шырқалуымен ашылып, түске дейін өз жұмысын аяқтады.
Сайлау учаскесінде барлығы 665 мерзімді әскери қызметші өз таңдауын жасады. Олардың көпшілігі дауыс беруге алғаш қатысып отыр. Әскери қызметшілер туған күні референдумға сәйкес келген сарбаздарды назардан тыс қалдырмады. Оларға бригада басшылығы атынан естелік сыйлық берілді. Ал қатардағы жауынгер Жұмабек Баженов өмірінде алғаш рет саяси науқанға ат салысып, дауыс беруге бірінші рет қатысты.
ЖҰМАБЕК БАЖЕНОВ - ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
Мен, Қазақстан азаматы ретінде, референдумда дауыс беру арқылы азаматтық борышымды орындағым келеді және осымен өз мемлекетімдегі оң өзгерістерге әсер етемін деп сенемін.