Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев та референдумда өз таңдауын жасады. Елордадағы нөмірі 164-ші дауыс беру учаскесінде болды. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында «Осы референдум - Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам» деп атап өтті.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- "Осындай ауқымды, маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескеріп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырамыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтардың даусы беруі өте маңызды"