Түркістанда да таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмысын бастады. Облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.
Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмысын жандандырған. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі.
НЕСІБЕЛІ СЕГІЗБАЙ – СТУДЕНТ
- Ең бірінші дауыс беруім. Сол үшін таң азанымен ерте келгенмін. Бірақ мұндай қошеметке ие болам деп ойламадым. Бірінші рет сйлық алып тұрмын. Өте қуаныштымын. Барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Еліміздің болашағы үшін дауыс берейік.