Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 17,79 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл орталық референдум комиссиясының сағат 10.00-де берген мәліметі.
 Есеп бойынша, Қарағанды облысының тұрғындары белсенді. Өңір халқының 30,63 пайызы дауыс берген. Одан кейін Астана қаласы мен Қызылорда облысында сайлау учаскесіне келіп, бюллетень алған азаматтар көп. Ал белсенділігі ең төмен алматылықтар екен. Қала жұртының 8,66 пайызы ғана өз таңдауын жасады.