Дауыс беру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Таңдау жасаушыларға ыңғайлы болуы үшін дауыс беру бекеттері қаламыздың түпкір-түпкірінде жұмыс істеп тұр. Соның бірі – 180 – ші сайлау учаскесі. Қазір мұнда жағдай қалай? Дауыс берушілер белсенділігі қай деңгейде? Тілшіміз Қанат Жолдасбек тарқатады.
Бибігүл Ералиева – спорт мектебінің мұғалімі. Науқанға ұл-қыздарын ерте кеп, сайлау учаскесін таныстырып жүр. Мұндағы мақсаты: балалар санасына патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру.
БИБІГҮЛ ЕРАЛИЕВА, ДАУЫС БЕРУШІ
– «Иә, балаларға сайлау учаскесін көрсеттім. Ол өте маңызды. Әр Қазақстанның азаматы өз болшағына немқұрайлы қарамау немқұрайлы қарамау керек деп ойлаймын.»
Бақылаушылар, таңнан бері кірпік қақпай референдумның әділ, шынайы өтуін қадағалап отыр. Айтуларынша, ереже бұзу, заңға қайғы іс-әрекет фактілері тіркелмеген.
АРАЙЛЫМ НҰРТАЙ, БАҚЫЛАУШЫ
– «180 –ші сайлау учаскесінде құқық бұзушылық болып жатқан жоқ. Мен таңғы жетіден бері осы жерде отырмын бақылап, барлығы келіп өз дауыстарын беріп кетіп жатыр. Көңіл-күй жақсы барлығында.
КСМ: Учаскі төрайымының баяндауынша: таңдау жасаушылар белсендігі жоғары. 1860 дауыс берушінің басым бөлігі өз таңдауын жасаған.
ҚҰЛЖАН ОРАЗОВА, 180 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
– «81 жастағы қарт әжеміз де дауыс беріп кетті. Екі жас жанұя келіп кетті.» - 00:26, 01:11 – «Дауыс беру әрі қарай жалғасуда. Белсенділік жаман емес.»
Учаске қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азматтар үйіне арнайы барып, таңдау жасау мүмкіндігін берді. Аталған дауыс беру бекетіне қарайтын мұндай санаттағы 2 азамат таңдау жасаған.