«Елдің келешегі үшін жауапты шешім қабылдайтын мұндай таңдаулардан мен ешқашан қалыс қалған емеспін». Осылай деген әнші Майра Мұхамедқызы отбасымен бірге келіп референдумда өз таңдауын жасады. Классикалық музыканың хас шебері гастрольдік сапарда шетелде жүрген кездің өзінде елшілікке барып, міндетті түрде дауыс беретінін айтады. Өйткені оны азаматтық парызым, ел дамуына қосқан үлесім деп білемін,-дейді.

 МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ  - ОПЕРА ӘНШІСІ
    Мен мынадай үлкен ауқымды іс-шарадан ешқашан қалмаймын. бұл біздің болашағымыз. Азамат ретінде  елімізге қосқан үлесіміз. Мен азамат ретінде міндетті түрде дауысымды берер едім.

Өнер майталманы  дауыс бергеннен соң референдум учаскесінде Шымкент опера және балет театрының әртістерімен келушілерге концерт қойып берді. Онда Майра Мұхамедқызының өзі де ән шырқады.