Шымкенттік тұрғындардың саяси науқанда белсенділігі жоғары. Бұл ретте №290 референдум учаскесіне тіркелгендерді айтуға болады. Жексенбі – демалыс күніне түскен соң, олардың көпшілігі түске дейін таңдауын жасап қойды. Дауыс беруге келгендер балабақша қызметкерлерінің қолынан тәтті алып, сыйлықтарға ие болды.
Шанжархан Түймебаев – қала шетіндегі мөлтекауданда тұрады. Таңдау жасауға таң сәріден әрекет еткенімен, уақыт ыңғайлай алмаған. Түс ауа учаскеге келіп, өз дауысын берді. Арнайы сыйлық алып, азаматтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
№290 референдум учаскесіне 2680 азамат тіркелген. Тұрғындардың 50 пайызы түске дейін келіп кетті.
Референдум учаскесі төрағасының арнайы сыйлығын ең бірінші дауыс беруші алған. Сондай-ақ жас жұбайлар мен бірінші рет дауыс берген кәмелет жасындағылар да сый-сияпаттан құр қалмады.