«Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша, таңнан бері бірнеше учаскеде болған. Қала тұрғындары бұл науқанның маңызды екенін түсініп, белсенді қатысып жатыр дейді. Сондай-ақ, көпшілігі отбасымен келіп, үлкен қызығушылық танытуда. Комияссия мүшелері де. тас түйін дайын келген.
ИРАКЛИЙ ХОРБАЛАДЗЕ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ
- Таңнан бері 5-6 дауыс беру учаскесінде болдық. Кешке дейін дәл солай бірнеше учаскеге барамыз. Бұған дейін 60 елде байқаушы болды. Қазақстанда, менің байқағаным, референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе, халық белсенді. Бәрінде мерекелік көңіл-күй.
ДОНАЛЬД ПАЛМЕР, АҚШ-ТЫҢ САЙЛАУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Қоғамдық науқан расын да өте жақсы өтіп жатыр. Бірегей көзқарас деуге болады. Тұрғындар болашақта бұл Атом электр станциясының керек болатынын және оның құрылысы маңызды екенін түсінеді. Дауыс брушілердің құқығы сақталуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған. Азаматтар үшін кез-келген ақпарат қолжетімді.