Шымкентте салмағы алты келіден асатын, бойы 63 сантиметр алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер кесір тілігін жасамай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Шақалақ пен анасының денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ дейді дәрігерлер.
ШУМ:
НАЛО: 3-қазан күні Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөліміне қала тұрғыны Альмира Жандарбекова келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, толғағын күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні кесір тілігінсіз сағат 13:50-де 6 келі 500 грамм сәби дүниеге келді. Альмира Жандарбекованың бұл алтыншы жүктілігі. Туыстары нәрестеге Тауекел деген есім берген. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы дейді,- аурухана дәрігерлері. Айта кетейік, бала салмағы алты келіден асса алып болып саналады.