Отандық дизайнерлер Шымкентте бас қосты. Осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылған Kazakhstan Fashion Week Shymkent жобасында 10-нан астам дизайнер жаңа топтамаларын көрсетті. Араларында сән әлеміне енді ғана аяқ басып, алғашқы үлгілерін көпшілік назарына ұсынғандары да бар.
Тігіншілікті жанына серік еткен Гаухар Әлімхан ұзақ жылғы үзілістен кейін сән әлеміне қайта оралыпты. Жаңа топтамасын кешкі көйлектерден жасақтап, көпшілік назарына ұсынды. Сәнқой қыз-келіншектердің ықыласына бөленген ерекше үлгінің стилі мен дизайны өзгелерден бөлек.
Осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырлған Kazakhstan Fashion Week Shymkent сән апталығына 11 дизайнер қатысып, өздерінің жаңа топтамаларын ұсынды. Олардың басым көпшілігі ұлттық нақыш пен заманауи киім үлгісін үйлестірген.
Сән апталығында елімізге танымал дизайнерлерде төбе көрсетті. Олар мұндай шараның сән әлеміне енді ғана аяқ басқандар үшін үлкен тәжірибе екенін айтады. Жобаның басты мақсаты да осы - жас дизайнерлерге қолдау көрсету.
Сән апталығында балалар және ерлерге арналған киім үлгісінің жаңа топтамасы да ұсынылды. Кеште көрсетілген үлгілерге тәнті болған көрермен, қазақ сән индустриясының алға қарай қарыштап келе жатқанын тілге тиек етті.