Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы үздік атанды. «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырына көтерілді.
Аталған кітапхана ұжымы тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде бірнеше жыл қатарынан елімізде көш бастап келеді. Кітапхана басшысы «Жыл кітапханашысы-2022», облыстық «Жыл үздігі-2022» номинациясында «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» атанған болатын. Былтыр «Рухани қазына-2023» фестивалінің нәтижесінде Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» болып танылды.