Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Түркістан қаласында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасамы, антқа адалдықтың маңыздылы, халық сеніміне ие болу, заң үстемдігін орнықтыру сынды мәселелер талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай әдеп жөніндегі уәкілдердің дербестігін күшейтуге және оларды бағалау мен бақылаудың неғұрлым тиімді тетіктерін енгізуге қатысты ойын ортаға салды.
Форумның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру туралы мәселесін талқылау. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай әдеп жөніндегі уәкілдер қызметтік әдеп стандарттарының сақталуының кепілі болуға, өздері үлгі көрсетуге және мемлекеттік органдарда ұжымдық мәдениеттің нығаюына ықпал етуі тиіс екенін айтты.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Бүгінгі форум мемлекеттік қызметі жаңғыртуына мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына қойылатын жаң аталаптарды белгілеуге мүмкндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен қатынасында олар қызмет ұснушы ретіндегі мәртебесіне аса мән берілуі қажет.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын жетілдіру жұмыстарын жалғастыру халыққа қызмет ету идеясына негізделген философия болуы тиіс. Оның мақсаты – қоғамға үлгі бола алатын тиімді мемлекеттік аппаратты құру.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес республикамызда президенттік жастар кадр резерві құрылған. ОСы жұмыс нәтижесінде бізде кадр резерві қалыптасты. Іріктеудің мақсаты өңірде білікті талантты жастар арасында жаңаша ойлайтын көшбасшы мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру болып табылады.
Агенттік мемлекеттік қызмет саласындағы анықталған құқық бұзушылықтарды зерделеп, олардың себептерін талдау және алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Өткен жылдың өзінде Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын ілгерілетуге ықпал ететін 30 мыңға жуық түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды. Атап өту керек, бүгінде республика бойынша мемлекеттік органдарда 713 Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет атқарады.