Түркістандықтар қала күнін тойлауды бастап кетті. Мереке қарсаңында жеңіс саябағында думанды концерт өтіп, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Мәдениет үйінің ұйытқы болуымен өткен шараның көздегені – «қала мәртебесін асқақтатып, қасиетті шаһарды қонақтарға таныстыру» дейді жауаптылар. Толығырақ тілші материалында.

Ән мен күйді серік еткен жастар қала қонақтары мен тұрғындарына арнап «Алтын күз әуендерін» тарту етті. Жиналған көрермен өнерпаздарға қосыла ән шырқап, мерекелік атмосфераны сезінді.
ЖОРАХАН АСАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-«Ауыл тұрғындарының атынан рақметімізді айтамыз. Керемет! Осындай жиындар жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса.. Қала күні келе жатыр. Тұрғындар қала күнін сезініп, киелі қаланың көркейіп жатқанын көзімізбен көріп отырмыз.»
Тұрғындар: «Түркі жұртының мәдени астанасы күннен күнге құлпырып, ажары артып келеді» дейді. Қала аумағында осы сынды мәдени кештеп жиі өткізіліп келеді. Бұл қала халқын сергітіп, көңіл-күйін көтереді. Осылай деген мәдениет қызметкерлері, алдағы уақытта ауқымды гала концерт өткізуді жоспарлап отыр.
МАРИЯ МАМИРОВА, КІТАПХАНАШЫ
– «Жастар саябағында мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерт өтіп жатыр. Осындай шаралар көптеп ұйымдастырыла берсін, жастар белсенділігі жоғары!»
Концерт көрермендері күмбірлеген күй есітіп, тамылжыған ән тыңдады. Бірін-бірі қала күнімен құттықтап, Түркістан жайындағы ақпараттарға қанықты.