Негізгі Жаңалықтар ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан қаласының әкімі «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесті. Жиынға жүздеген адам келген. Шаһар басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, сондай-ақ, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
 Аталған тұрғын алаптардың халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатып отыр. Сонымен қатар кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.  Өзге де мәселелер бойынша жауап берген қала әкімі жұмыстың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтып, орындалуын өз бақылауына алатынын айтты. Бұған дейін шаһар басшысы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар»,  «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.

Бөлісу