Елімізде ресми тіркелген 745 блогер бар. Биыл 9 айда олар мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса салық төлеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, бұл тізім әлеуметтік желілерде - Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан аса жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған. Егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса, оның жылдық табысының мөлшері 12 ең төмен жалақыдан яғни, 1 020 000 теңге асса жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. "Жалпы, отандық блогердің көпшілігі - қазір кәсіпкер және қолданыстағы салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Осылайша, өткен 9 айда олар 1 миллиард 226 миллион теңгеден астам салық төлеген", - деді комитет өкілдері.