Шымкент – жастар қаласы. Жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды қоғамға бейімдеу ісі қарқынды. Белсенді топты дұрыс жолға бағыттайтын жиындардың қатары да артқан. Нәтижесі де көңіл көншітерлік. Бұл туралы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras аймақтық кеңестің кезекті отырысында айтылды.
Шымкентте ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың бастамасымен 20-ға тарта ауқымды жиын өткен. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына шымкенттік 500 жас қатысқан.
АЙГЕРІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
-Қазір насихатталу мәселесін қолға алып отырмыз. Өйткені жастар қай жақта болса, біз де сол бағытта болуымыз керек. Жастардың басым бағыты телеарна газет оқи бермейді. Олар көбінде әлеуметтік желілерде отырады. Біз келер жылдан бастап енгізейін деп оытрмыз. Осындай дүниелердің жастарға қолжетімді болуын қамтамасыз етеміз.
Жиынға қатысушылар әлеуметтік желінің маңыздылығына тоқталып, басқарма тарапынан жазушыларға қолдау көрсету жайы ұсынылды.
МОМБЕК ӘБДІӘКІМ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ MIRAS АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Насихатталу мәселесін қолға алып отыр. Бірақ мен осы ішкі саясаттың сауатсыз блогерлерді қолдағанын қаламаймын. Баспасөз күінде бірде бір жазушы марапатталмайды.
Кеңесте «Amanat» партиясының қолға алған бастамалары да баяндалды. Жиында белгілі болғандай, қоғамдық қабылдау 67 пайызға артқан. Халық пен билік арасында дәнекер болып отырған жетекші ұйымға қатысты алып-қашпа әңгімелер де жоқ емес. Мамандар осы мәселеге қатысты жауап берді.
МҰРАТ ЖОЛДЫҚОЖАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
- Бәрімізде де сол бір мәселе. Қаржыға келіп тіреледі. Десе де партия тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. ол алып-қашпа әңгіме көп, бірақ соған сай жұмыс істеліп жатыр.
Miras аймақтық кеңесі өңірдегі мәдени, рухани мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасындағы тармақтарының орындалуын қадағалайды. «Кеңестің күн тәртібенде қаралған әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Себебі партия еліміздің рухани мәдени құндылығын дамытуға баса назар аударып келеді.