Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалды. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды аудан активіне таныстырып, бірқатар мәселелер міндеттеді.
Еркеғали Әлімқұлов Төлебидің тумасы. Білімі жоғары. Еңбек жолын Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болған. 2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, 2023 жылдың қаңтар айынан бері Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.