Енді оқырмандар кітапханаға барып уақыт жоғалтпайды. Адам көп жиналатын орындар мен аялдамаларда QR коды бар электронды стендтер ілініп жатыр. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы цифрландыру жобасының тиімді тұстарын осылайша сәтті жүзеге асырып отыр. Жаңашылдықпен әріптесім танысып қайтқан еді. Ерекшеліктерін өзі айтсын.
Қазіргі таңда жастар оқулықты электронды түрде оқығанды ұнатады. Себебі уақытын тиімді пайдаланғысы келетін оқырмандар үшін бұл жедел, әрі ыңғайлы. Мұндайда ұялы телефонның көмегі зор. Енді қаладағы аялдамаларда QR коды бар кітапханалар стендтерін орнатып жатыр. Бұл оқырман үшін тиімді болмақ.
САНЖАР ЖҮНІСӘЛІ - СТУДЕНТ
Электорнды кәтапхана өте тиімді десем болады деп ойлаймын. Қазір 21 ғасыр дамыған заман болғандықтан, ешқандай кітапханаға кірмей осы QR код сканерлеу арқылы кітап оқыған өте тиімді деп ойлаймын.
ЖАЗИРА НЫСАНБАЙ – СТУДЕНТ
Осы жылғы менің ең тамаша жаңалығым ол осы QR арқылы автобуста уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек. Және де өзімізді рухани жағынан дамытамыз. Сол үшін де осы QR кітапханасы маған өте күшті болды. Өзім осыдан бір кітап ашып көрдім. Оқылады екен.
Стендтерде өлкелік әдбиет және жергілікті қаламгерлердің шығармалары ұсынылған. Енді оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын байқап, рейтингтерін құрауға болады. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері шығарманың неше рет жүктеліп, оқылғандығын да көре алады.
ӘЙГЕРІМ АЛДАБЕРГЕНОВА - ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕКТОР БАСШЫСЫ
Бұл жерде жергілікті қаламгерлердің авторлық құқығы сақталған шығармаларын жәнеде өлкетану бойынша біздің сирек кездесетін кітаптарымыз осы QR коды арқылы оқу мүмкіндігіне ие болған. Жергілікті қаламгерлерге деген қызығушылық артып жатыр. Және де осы арқылы біз қай қаламгердің шығармаларының рейтингтерін байқауымызға болады.
Қазіргі таңда QR коды бар электронды кітапхана сөрелері Арбат, ОҚПУ, Студенттер қалашығы, Теріскей және Нұрсәт шағынауданындағы адам көп жиналатын аялдамаларда ілініп тұр. Алдағы уақытта өзге де орындарда пайда болады.