Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Экологиялық іс-шара аясында ауқымды сенбілік шаһардың өзінде ұйымдастырылды. Әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректер жөнделді, жабайы шөптер жұлынып, қоқыстан тазартылды.
КСМ: Түркістан облысында биыл 27 500 гектар жерге, 43 149 мың ағаш егу жоспарланған. Өңірдегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызылу керек болса, ауыл аймақты көгалдандыруға 491 106 дана түрлі көшет әкелінген.
СПИКЕР: ҚАЙРАТ АБДУАЛИЕВ - ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ
00-41/01-16 Бүгінгі таңда 4 млн ағаш елдімекендерге жоспардан тыс 4 млн жеткізіп көгалдандыру үшін атқарылып жатқан жұмыс. Одан бөлек Түркістан қаласының аймағының экологиялық жақсарту масатында 30 мың гектар жерге жасыл белдей құрылған 2019 жылы. Содан бері жоспар жасалынып сол көлемнің 70 пайызға жуығы орындалды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту, ағаш отырғызу жұмыстары Облыс орталығында жалғасыт. Түркістан қаласында жалпы 240 гектар жерге түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. Олардың қатарында боз арша, жай арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді көшет түрлері бар.
МАНСУРБЕК БУРХАНБАЕВ – ОРМАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КҮЗЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
- Жаңа аэропорт учаскесінде егілген көшеттердің қураған және өлген көшеттерді ауыстырып, толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Сенбілік есебімізде облысымызға қарасты орман шаруашылығы мамандар жұмысшылар келіп жұмыстар толығымен жүргізіліп жатыр.
Күзгі көгалдандыру Түркістан облысында қараша айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар биыл күз айларында өңірде 467 мың түп көшет егіледі деп жоспарланған.