Мемлекет ұсынған пәтерді жалдап жеке баспанаға қаржы жинауға мүмкіндік бар. Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 27 қараша күні сағат 9:00-ден бастап 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.
«Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жұмыс істеп жүрген 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен яғни, 147 680 теңгеден кем болмау керек. Өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы шарт. Биыл жалдамалы пәтер талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілген.
ЖҰЛДЫЗАЙ ОРДАБЕКОВА, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Бұл тұрғын үйлерді 3 жылға дейін беріледі Бірақ келісім шартты бір жылға тұрамыз. Бір жылдың ішінде азаматтар 170 АЕК жинаған жағдайда Ол келісім шарт ары қарай созылады.
Биыл жастарға 900 пәтер бөлініп отыр. Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» порталында ЭЦП ключ арқылы өтінім бере алады.