Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы уақытта пойыз билетінің бағасы өсе ме деген сұраққа жауап берді.
Жолаушыларды тасымалдайтын пойыздардың билетінің бағасы ауыспайды. Келесі жылы да, алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды. Баға қалыпты болады,- деді Марат Қарабаев. Министр 1 қазаннан бастап жолаушылар үшін пойыз билетінің бағасы өскенін айтты. Алдағы уақытта одан басқа қымбаттау жоспарланып отырған жоқ. Баға тұрақты болады, — деді ведомство басшысы.