Жастар арасындағы буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Осы орайда, білім басқармасы жастармен жүздесіп түсініктеме жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы қалалық оқушылар сарайында жиын ұйымдастырылды.
Арнайы шақыртылған спикерлер кездесу барысында «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» және құмар ойыны туралы бірқатар ақпараттармен бөлісті. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды. Мінберге шығып сөз алған Баян Жандосова өңірде орын алған өкінішті оқиғаларды әңгімеге арқау етті.
БАЯН ЖАНДОСОВА, ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
16 жыл құлдықта болған баланы көрдік. Мамасымен 3 жасынан құл болған. Мектепте оқымаған Қазір ол баланы ускоренный курс пен оқытып жатырмыз.
Бұрын баланың көңілі далада десек қазір жасөспірімнің назары әлеуметтік желіде. Күмәнді ойындардың өзі бала психикасына кері әсер етеді.
АБАЙ ПАХЫНБЕТОВ, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛДІҢ КӨМЕКШІСІ
- Әлеуметтік желі ғаламтор арқылы жүргізіліп жатқан кибер шабуылдар. Жасөпірімдер толық білуі білмеуі екіталай.
Кездесу барысында жастарға ең алдымен буллинг жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық жайында бірқатар ақпараттар айтылып олардың көкейінде жүрген сұрақтарға арнайы мамандар жауап берді.