Шымкентте тағы бір оңалту мекемесі ашылды. "QH" орталығы жүйке-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған. Мұнда көбіне неврологиялық ем-домды қажет ететін балалар сауықтырылады. Еуропадан әкелінген құрал-жабдықтар мегополис медицинасының дамуына септігін тигізбек.
Жаңадан ашылған "QH" орталығы қаладағы "№2 Оңалту орталығы" базасында құрылды. Мұнда жылына 3 пен 18 жас аралығындағы 600 баланы оңалтуға мүмкіндік бар. Сала басшысы жаңа емдеу бөлмелері мен құрылғылар оңалту жұмысының нәтижелігін арттырады деді.
НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-Қазіргі таңда бұл орталық жылына 600 балаға қызмет көрсетеді. Енді міне бүгін бізде тағы да қуанышты күн болып тұр. 241 миллион теңге сомасында «Қазақстан халқына» қоры бірінші қабатқа керемет жабдықтар әкеліп берді. Балаларымыз да, ата-аналарымыз да, біз де қуанып жатырмыз. Мұндай орталықтар біздің қаламызға тағы да керек. Бүгін ғана үлкен иевест компаниямен сөйлесіп, осындай оңалту орталықтьарын салу туралы уағдаластық.
Енді міне оңалту орталығы тағы да заманауи жабдықтармен жабдықталды. Емдік дене шынықтыру және механотерапия залында төменгі жақ аяқ-қолдарды дамытуға арналған "Балу жүйесі", "Террастейшн", "Тиго жүйесі", "Бос аппарат RT-300", "Корвит" нейросенсорлық және нерв-бұлшықеті интеграциясына арналған тренажерлер орнатылған. Оңтүстік өңірінде бұрын-соңды болмаған сараптамалық классты "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырған.
Сонымен қатар мұнда сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды бөлмелерді, кәсіптік терапия, Физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар. Бұл балаларға оңалту қызметтерінің барынша кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді, - дейді орталық басшысы.
Ресми дерек бойынша, Шымкентте 18 жасқа дейінгі ерекше күтімді қажет ететін 7 914 бала бар. Соның бірі жүре ақауымен дүниеге келген 5 жасар Әлмахан да осы орталықта оңалту қызметін алып жатыр.
Кешенді оңалту орталығында түзету сабақтарына, ойын және бос уақытты оңалтуға арналған жарық және кең кабинеттер бар. Мұнда балалар үшін жайлы атмосфера құрылған. Орталықтардың интерьері біртұтас визуалды тұжырымдамада жасалған. Ресми ашылуы салтанатына қаптысқан әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов та ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту инфрақұрылымын дамыту ісі жалғаса беретінін айтты.