Түркістан қаласы жасыл желекке айналып, ағаш саны артып келеді. Сондай-ақ қала тазалығы күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда көне шаһар көшелерінің санитарлық жұмысы 6 секторға бөлінген. Онымен 5 мекеме айналысады.
«Түркістан жарық тазалық» серіктестігі шаһардағы 952 көшенің санитарлық жұмысына жауап береді. Ол үшін күнделікті 300-ге жуық адам 6 сектор бойынша тынбай еңбек етіп келеді.
ҚАНАТ СЕЙІЛБЕКОВ - «ТҮРКІСТАН ЖАРЫҚ ТАЗАЛЫҚ» ЖШС БРИГАДИРІ
- Біздің мекемеде жалпы 285 адам қызмет етеді. Оның ішінде 36 көігімі бар. Оның ішінде ЛК погрузщик, мусоровоз. Жалпы көлемде 681 көже және жаңа қаланың тазалығы қарайды бізге. «Түркістан жарық тазалық» мекемесі таңғы сағат алтыдан жұмысқа кіріседі.
Ал «Жасыл Түркістан» мекемесінің қызметкерелері қала тазалығынан бөлек сынған қоршаулар мен қираған балалар алаңшасын қалыпқа келтіреді.
СҰЛТАНБАЙ ОРЫНБЕКҰЛЫ – «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ
- Бұл жерде ойын алаңында сындырған нелердің тарлығын жөндеп орналстырып жатырмыз қатадан. Енді осының барлығын жасап болған соң сындырмайын сұранамыз халықтан. Осыжерде домком бар қарауға болады балаларға айтып тұруға.
Түркістан қаласында күнделікті тазалық жұмысынан өзге «Таза Қазақстан» акциясы апта сайын ұйымдастырылп тұрады. Оған қаланың 2 мыңға жуық тұрғыны үйлері мен аулаларда тазалық жұмысын жүргізіп келеді.