Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сәрсенбі күні телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы "Қазтелерадио" ұлттық операторы хабарлады.
 «2024 жылғы 29 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!» — делінген хабарламада. «Қазтелерадио» телерадио хабарларын таратуды үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Еске салсақ, бұған дейін мұндай профилактикалық жұмыс 30 қазанда жүргізілген еді.
 Өндірістік қажеттілікке байланысты Түркістан облысының аумағында жоспардан тыс телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады. 29 қараша мен желтоқсан айының 1-і, 13-і аралығында өңірдегі радиотелевизиялық станцияларында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары кезекпен өшіріледі.