Қазақтың көрнекті ақыны Ханбибі Есенқарақызы – 75 жаста. Өр мінезді өнерлі жанның мерейтойы қарсаңында Шымкентте Республикалық жыр мүшәйра қорытындыланды. «Ханбибінің биігі» атты байқауда ақынның дара болмысын жырмен жеткізген 10 ақын арнайы марапатталды. Әдеби кешке еліміздің зиялы қауымы арнайы қатысты.
 «Ханбибінің биігі» жыр мүшәйрасы үш ай бұрын жарияланған-ды. Оған еліміздің әр аймағынан 50-ден аса ақын өз шығармаларын онлайн жолдаған. Қазыбек Иса бастаған қазылар алқасы жеңімпазды жасырын форматта анықтаған.
 ҚАЗЫБЕК ИСА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Апа»йымыз Алаш сыйлығының лауреаты, Есенин атындығы медаль алған. Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Оның Нұрикамал әні танымал. Бұл ерекше жаратылған тұлға екенін білдіреді. Осы бір ерлігі қазақ қыздарының бет-бейнесін ашып көрсеткендей.
Әдеби жиында жас өнерпаздар ақынның шығармаларын жатқа айтты. Өмірі мен өнерін шебер сомдады. Өз кезегінде аға буын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын ерекше дәріптеді.
ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ
- Ханбибінің алғашқы өлеңдерінен бастап біз оқып өстік. Одан кейінгі кезеңдерде Алаш қайраткерлерін, қуғын-сүргін құрбандарын зерттеп, оларға бірнеше кітап арнауы – оның тұлғалық қасиетін көрсететіні сөззсіз. Сондықтан бүгінгі мейрам – қазақтың өлеңінің мейрамы.
Ақын болу – өнердің ұлысы. Кез-келген саланы көркем жеткізе білетін өнер иелеріне құрмет те ерекше. 75 жасқа келіп, көңілі тасыған ақын құрмет-қошеметтерге алғысын білдірді. Өз кезегінде әлі де шығармашылықтан қол үзбегенін тілге тиек етті.
 ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ
Күні кеше баспаханадан сиясы кеппеген шығарма шығарылып шықты. «Көктеммен қоштаспаған жаз» деген. Ол кітап әкімдіктің иқолдауымен жарыққа шықты. Дәуір баспасынан шықты, көрші Назар Фазлдың «Еске алсам, көңілім жадырар» деген кітапты аудардым.  
 Жыр мүшәйрада оза шапқандардың бірі – Ахан Сабыржан. Түркістан облысының тумасы жерлес туралы жырлау қиынға соқпағанын алға тартып отыр. Жастайынан Хан апаның жырын жаттап өскен бозбала әлі де жазушыдан үйренеріміз көп дейді.
 АХАН САБЫРЖАН – САЙЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
Мен осы өңірдің тумасы болғандықтан маған Ханапам туралы ой толғау аса қиындық тудырмады. Иә ол өзінің болмысы ерек, биік ақын. Өр мінезімен, өткіз сөзімен баураған.
Ханбибі Есенқарақызының мерейтойы мұнымен шектелмек емес. Қала әкімдігінің қолдауымен «Сендегі мені өшірме» поэтикалық толғауы сахналанады. Өнер сүйре қауымды Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ-драма театрында өтетін кешке шақырамыз!