Биыл ҚР мәслихатына 30 жыл! Осы уақыт ішінде жергілікті депутаттар жоғары мінберден қоғам мәслелерін көтеріп, түйіткілді проблемаларды шешуге ықпал жасады. Халық мүддесін күйттеп, елдің өркендеуі жолында аянбай еңбек еттті. Осылай деген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан барлық шақырылым депутаттарын құттықтап, арнайы медальмен марапаттады.
Алғы сөз алған қала басшысы мәслихат атқарған мардымды жұмыстарға тоқталып, оның рөлі мен маңызына назар аударды. Ел сеніміне селкеу түсірмеуі тиіс депутаттардың халық пен билік арасындағы алтын көпір екенін айрықша атап өтті. Ел мүддесі үшін жауапкершілік арқалап, үдеден шыға білген оларға алғыс білдірді.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Шымкент қаласында қызмет атқарған әр кезеңдегі депутаттар халық үмітін ақтап, адал қызмет атқарды деп айтуға толықтай негіз бар.
Қала әкімінен марапат алғандардың бірі – Әбілқасым Досболов. Төрт шақырылым депутаты болған мемлекет және қоғам қайраткері: «Нағыз депутат мінберге емес, халыққа жақын болуы тиіс» дейді ол.
Жергілікті маслехаттың өткені мен бүгініне көз тастап, тарих беттерін парақтаған Бахадыр Нарымбетов 30 жыл ішінде атқарылған тындырымды жұмыстарға тоқталды. Депутаттық мінбердің жауапкершілігін қайталап, халық қалаулылары атқарған игі істерді санамалады. Экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызды рөлін айшықтап, саяси және қоғамдық келісімді қалыптастырудағы ықпалын атап өтті.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
– «Қ.Ж.Тоқаевтың маслихат пен әкімшілік бірлесе жұмыс істеуі қажет, үйткені олар жергілікті биліктік қос тірегі деген сөзін негізге ала отырып жұмыс жүргізетін боламыз»
Жиында, барлық кезең депутаттарынан бөлек қоғам ісіне белсене араласып, дамуы мен өркендеуіне ықпал жасаған сала мамандары да марапатталды. Соның бірі - «Оңтүстік» телеарнасының редакторы, тележүргізуші Серғали Жарылқасынов. «Бүгінгі әңгіме» , «Әділетті Қазақстан», «Қала уақыты» қоғамдық-саяси бағдарламаларың авторы әрі жүргізушісі. Ауа-райының құбылмалы мінезіне, қарына, жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай ел ішіне еніп, айшықты ақпараттарды бүкпесіз жеткізетін маман, жергілікті маслихат ісіне көңілі толатынын айтады.
СЕРҒАЛИ ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, ТІЛШІ
– «Жергілікті депутаттар еліміздің даму жолындағы ең өзекті мәселелердің шешілуіне оң септігін тигізді. Оны халық та БАҚ өкілдері де жақсы біледі.» - – «Оңтүстік телеарнасы маслихат жұмысының насихатталуына үлес қосты деп білеміз. Сол үшін әріптестер мен ұжымды да құттықтаймын» -
Жиында ҚР Парламенті Сенатының төрғасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттары оқылды.