Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтіп жатыр. Білім байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда. «Дарын орталығы» ұйымдастырған іс-шара «Auzhan» көптілді мектебінің базасында жәрмеңке форматында өтуде.
Нұрсаят Башан Шымкенттегі Дарынды балаларға арналған №1-ші ІТ мектебінің 11-сынып оқушысы. Ол бүгін қазылар алқасына аутист балаларға арналған ғылыми жобасын таныстырды. Дарынды шәкірттің айтуынша, аутизм – спектрлік кесел. Оларға мобильді қосымшаның көп көмегі тиеді. Нұрсаят сол үшін «Алфа 1-е роботының» көмегіне жүгінді.
Нұрсаят сынды дарынды оқушылар көп.  Жас ғалымдар сайысының алғашқы күнінде  229 оқушы өз жобасын қорғады. Жалпы қалалық кезеңге білім беру ұйымдарынан 19 секция бойынша 863 оқушы қатысты.
Ақыл – жастан. Прогресс оқушы деңгейінен басталады. «Ал, мұндай шаралардың қаланың экономикалық дамуына тың берпін береді»,- дейді мектеп басшылығы. Өйткені, ғылыми жобалардың көпшілігі адам өмірі мен экологияға өте пайдалы екен.  
 Жарыс 4 күнге созылады. Жүзден жүйрік шыққандар келер жылы республикалық деңгейде өтетін олимпиадада шаһар намысын қорғамақ.