Негізгі Жаңалықтар ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ашық есік күні өтті. Білім беру ұйымдарының оқушылары үшін ұйымдастырылған іс-шараның өтуіне Еңбекші аудандық полиция басқармасы ұйытқы болды.  
 Іс-шараға Тынышбаев атындағы теміржол колледжі мен «Достық» колледжінің студенттері және жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. 200-ге жуық білім алушы қатысқан шарада жасөспірімдер Еңбекші ауданы полиция басқармасының ғимараты, криминалды полиция, анықтау, тергеу бөлімдерінің қызметтік міндеттері, жедел-криминалистика бөлімінің құрылғылары, кезекші бөлімнің жұмыстары, ішкі істер органының арнайы құралдары мен автокөліктерімен танысты. Сондай-ақ сала мамандары түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бөлісу