Қазақстанда декларациялау мерзімінің бұзылуына байланысты 68 мыңнан аса салық төлеушінің есепшоты бұғатталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Декларация тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 қыркүйекке дейін белгіленді, бұл 8,5 ай болады.
"Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыруға міндетті 4,8 миллион адамның ішінен декларацияны ұсынбағаны үшін мемлекеттік кіріс органдары 68,3 мың немесе 1,4 пайыз дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатты".
Бүгінде ауытқушылықтарды жойған 17,5 мыңнан аса салық төлеушінің немесе өкімдердің жалпы санының 26 пайыз бойынша - банктік шоттары бойынша бұғаттау шешілгені айтылды. Декларацияны уақытылы тапсыра алмаған азаматтар үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңбұзушылықтар жойылғаннан кейін банктік шоттар бойынша шығыс операциялары бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бұғаттан шешіледі.