Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Үкімет арнаулы мемлекеттік қордан Шымкенттегі «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.
Ғимарат 300 орынға есептелген. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды. Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр, — делінген хабарламада.