Түркістанда халықаралық стандартқа сай кілем фабрикасы салынады. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвесторлармен кездесті. Жиында түркиялық кәсіпкермен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
«Milat Hali» – халықаралық деңгейде танымал ірі компания. Кілем өндірісінде экспорттық әлеуеті жоғары. Компанияның басқарма төрағасы Искендер Каплан Түркістанда жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Ол өзі басқарып отырған мекеменің кілем және кілем бұйымдары өндірісінде халықаралық деңгейде мойындалғанын айтып, әлемнің көптеген еліне тауар экспорттайтынын жеткізді. Өз сөзінде Түркістанда да заманауи кілем фабрикасын ашуға дайын екенін айтты. Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен түркістандық делегация Түркия елінде болып, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, меморандумдар жасаған болатын.