Шымкент қаласының өрт-сынақ зертханасы заманауи көміртегі тотығы детекторымен жабдықталды.

UNI-T UT337A моделіндегі бұл портативті құрылғы көміртегі тотығының концентрациясын нақты анықтауға арналған және қосымша термометрмен жабдықталған. Құрылғы көміртегі тотығы деңгейі жоғарылаған жағдайда дыбыстық және визуалды дабыл беру арқылы қауіп туралы жедел ескерту жасайды, көміртегі тотығының шоғырлануын тез әрі дәл өлшеуге мүмкіндік береді.  Зерттеу өрт-сынақ зертханасының қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.