Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Өңірде экономиканың негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау аса өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар мен мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын ретке келтіру маңызды екеніне тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Биыл облыстық бюджеттен 9,4 млрд теңге қаржы қаралып, 11 су нысанына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 7,8 мың гектар жер сумен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, көктемгі су тасқынын алдын алу және шаруаларға ағын суды сапалы жеткізу мақсатында, «Тұран су» меемесінің теңгеріміндегі арнайы техникалар есебінен аудан, қала аумағындағы жалпы ұзындығы 371,5 шақырым канал мен 136,7 шақырым қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.
НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ – АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Ұзындығы 24,3 шақырымдықұрайтын Қараспан магисрталды каналын күрделі жөндеу жобасы. Жобаы құны 3,5 млрд теңге. Бүгінгі күнге 19 шақырымы бетонмен қапталды. Нысан 2025 жылға өтпелі келержылы мұны бітіреміз. Көктемгі тасқын суларды ұстап қалу суару маусымына тиімді пайдалану үшін Боралдай, Бәйдібек ата, Ихансу қоймаларын салу жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асқан жағдайда Бөген су қоймасына 120 млн ағын су жеткізіледі су мәселесі шешімін табады.
Облыста су үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту мақсатында жергілікті 3 кәсіпорын іске қосылды. Жоба құны – 12,0 млрд. теңге. Кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы – 73 мың гектар.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы канал осы су қоймалары бар тағы басқа бар, жекемншіктегі бар. Қанша бізде барма списогі? –Бар. Оны қайтарып жатырмыз ғой. –Жасап қойдық ұсынамыз сізге.-Соны маған дорожный карты қылып бекітіп қайтарайық. Болмайды анау. Сіздер анау списокті бересіздер, сосын қай жерде қойма жасау керек қарап шығайық та? Ұсыныс беріңіздер ауылшаруашылық басқармасына
Түркістан облысында құны 45,7 млрд теңгені құрайтын 5 ірі су жобасы жүзеге асуда. 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлніп жатыр. Оның ішінде «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы қарқын алған. Сондай-ақ «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасының да құрылысы қолға алынған.