Шымкентте үздік волонтерлік жобалар анықталды. Әлеуметтік салада көш бастағандарға 5 млн теңге берілді. Бұл қаржы атап айтқанда: экологиялық, зоологиялық және медициналық бастама көтерген 5 ұйымға үлестірілді. Енді волонтерлер жобалары бойынша жұмыс бастамақ.
Волонтерлік – ең сауапты іс. Еріктілер еңбегі үшін ақы сұрамай    ды. Тиісінше қоғамға пайдасын тигізіп, әлеуметтік салада осал топқа қол ұшын созып келеді. Үздіктерді анықтау – қоғамға оң ықпал еткен жобаларды ынталандыруға жол ашады.
 САБИРА БАЙЗАҚОВА, ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
 Бұл жерде «Өмірге қуанайық» деген тақырыппен алған жобаны айтуға болады. Ол жерде қарттардың үйінде ескірген альбомдарын жаңартып, оларға қайта сыйлау. Яғни альбом кітап дейді ғой соны сыйлау болып табылады.  Сол бір бөлігі болып табылады. Одан бөлек сол ардагердің үйіне  1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа қол жеткізгендердің бірі – Бақытжан Тұрысбек. Оның жобасы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы. Яғни қараусыз қалған орындарға замануи тазалық жұмыстарын жүзгізуді көздейді.
 БАҚЫТЖАН ТҰРЫСБЕК, ЕРІКТІ
 Қоқыс біздікі болмағанымен қала біздікі. Қоқыс жинамасаңдар, қоқысты тастамаңдар деген бір қағиданы енгізгіміз келеді. Жобаның негізгі мақсаты қаламыздың экологиялық жағдайын одан әрі дамыту.сонымен қатар тазалық жұмыстарын жақсылап жүргізу болып табылады.
 Шымкентте еріктілер көп. Соның 25-і байқауға өтініш білдірген.  16 жоба Алғыс хат алып, 5-еуі қаржылай сыйлыққа қол жеткізді. Марапаттау рәсімі дүниежүзілік Волонтерлер күніне орай өткізілді.