Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Шымкентте соңғы жылдары бауыр циррозына шалдыққандардың қатары жасарып барады. Бұрын бұл сырқат егде жастағыларды мазаласа, қазір оның белгілері жастардың да бойында байқала бастаған. Бұған мамандар алаңдаулы. Себебі бауыр циррозы өмір сапасын төмендетіп, ұзақ мерзімді емді қажет ететін ауыр дерттің бірі.
 ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ

«Цирроз бауыр тінінің ұзақ уақыттық зақымдануынан және қалыпқа келмейтін фиброзды тіннің пайда болуынан туындайды.
ВИДЕО: Негізгі себептері: алкоголь, вирусты гепатиттер, дұрыс тамақтанбау, қант диабеті және семіздік. Шымкенттегі медицина мамандарының айтуынша, қазір осы диагноз 20-30 жастағы науқастарға қойылып жатыр»

ЖАНАР ЫРЫСАЛИЕВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ, НЕФРОЛОГИЯ, ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ     
   «Айтарлықтай белгісі болмауы мүмкін. Тек қана пациенттерде әлсіздікпен жүруі мүмкін. Сондықтан, дұрыс диагностикалау мақсатында жоспарлы тексеруден өтіп отыру керек. Сонымен қатар, аутоиммундық инфекциялар да белең алып келе жатыр. Бұл осы ковидтан кейін көбейіп кеткен сияқты»

 ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ

«Гастроэнтерологтардың айтуынша, аурудың алдын алу үшін тұрғындардың медициналық сауатын арттыру маңызды. Гепатитке қарсы екпелер, дұрыс тамақтану, алкогольден бас тарту және
 Бауырды қорғайтын диета сақтау – цирроздың таралуын едәуір азайтуы мүмкін. Иә, бауыр циррозы – қауіпті, бірақ алдын алуға болатын дерт. Бауыр қалпына келетін орган. Бірақ, жастар арасында бұл дерттің дендеуі алаңдаушылық тудырады -  деді дәрігерлер»