Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі халық саны туралы деректерді жариялады. Ұлттық бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны 20 243 981 адамға жетті. 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 210 139 адамға көбейген.
 Қазақстан қалаларында да халық саны өскен. Ең көп халық тұратын қала - Алматы, мұнда 1 қарашада 2 280 296 адам тұрған. Одан кейін Астана - 1 511 807 тұрғын бар. Ал Шымкент - 1 249 581 тұрғын тіркелген. Жыл басында 1 222 066 тұрғын болған. Яғни үшінші мегополис тұрғындарының саны 10 айда 27 мыңға көбейген.  Түркістан облысында халық саны 2 154 461 адамға жетті. 1 қарашадағы жағдай бойынша қалаларда 12 727 404 қазақстандық тұрады. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 516 577 адам.