Еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне биыл 70 жыл. Мұрағатта сақталған құжаттарға көз жүгіртсек, тың игеру жылдарындағы қол жеткізген жетістіктер аз емес. Әсіресе, Мырзашөл өңірін егістік алқабына айналдыруда оң өзгерістер өте көп.
Бұл туралы «Тың тарихы – архив құжаттарында» тақырыбында өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Тың игерудегі жаңалықтарды жарыққа шығаратын кез-келді деген тарихшылар оны мектеп оқулығына енгізуді сұрап отыр. Өйткені, өскелең ұрпақ бұл жайындағы ақпараттардан мүлдем бейхабар. Тың жерлерді игерудің нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ашаршылықтың алды алынған. Дерек пен дәйекке сүйенген зерттеушілер облыстық архивте сақталған суреттер соның айғағы, дейді.