Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту – мемлекеттің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі. Азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан демеп, жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағыттағы жұмыстар мегаполисте де қарқынды. Қазір қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірқатар жоба негізінде жұмысты жандандырған. Негізгі салалар бойынша тілші сөз саптасын.

 Шаһарда 1 миллион 246 мың тұрғын бар. Халық саны 2022 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқан. Тиісінше азаматтардың әлеуметтік еңбек нарығындағы белсенділіктері де жоғарылап отыр.

 ЗӘУРЕШ ҚАДЫРОВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі осы әлеуметтік саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады. Қазір Шымкентте 56962 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Біз осы жобалар негізінде бірқатар азаматқа жұмысқа жолдама беріп отырмыз.

 Мегаполисте 22 мың 420 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Оларды еңбекпен қамту үшін бірнеше мекемемен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 41 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар үшін 8 түрлі қызмет көрсетіліп келеді. Олардың негізгісі – инватакси.

 МАЙРА КАРИБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- І топ мүгедектері үшін инватакси қызметі ұсынылып келедң. Ол осы азаматтарды діттеген жеріне жеткізіп оытрады. Осы қызметті 38 көлік атқарып отыр. Бұған қол жеткізу үшін азаматтар тең қоғам орталықтарына барып, өтініш білдіру керек.

 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалту орталықтарына жолданады. Онда осы азаматтар үшін түрлі ем-дом шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ осы жандар үшін сурдо-аудармашы, гигиеналық қызмет түрлері де қарадсытырлған. Қаладағы 5 стоционарлық мекемеде 778 азамат түрлі қызметке қол жеткізіп отыр.

 РАУШАН СЕЙДАКПАРОВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Арнаулыәлеуметтік комек көрсету 12 мекемеде жүзеге асырылып отыр. Онда азаматтар түрлі ем-дом шараларын алып отырады. Арнайы орталықтарға жолдаймыз.

Азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ісі де қарқынды. Бұл бағытта қалада 12 мекеме жұмыс істейді. Оларға 10 айда 3436 азамат жолданған. Оңалту шаралары үшін тағыи 5 стоционарлық қызмет көрсету мекемесі бар. Онда негізінен қарттар үйінің тұрғындары қызмет алады.