Әлеуметтік көмек алатындар газ ақысын жеңілдікпен төлей алады. Шымкентте арнайы пилоттық жоба басталды. Бағдарлама QazaqGaz Aimaq АҚ жүзеге асырылады және азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.
2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың сәуірін қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға 1414 нөмірінен тауарлық газға жеңілдіктер туралы ай сайын SMS жіберіледі. Ваучерді әлеуметтік әмиян қызметінде желтоқсанның 25-іне дейін қосуға болады. Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекен жайының есеп шотын көрсету қажет.
ДЕМЕУ СЕЙТЖАНОВ, QAZAQGAZ AIMAQ АҚ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
«Жобаның артықшылықтары - әлеуметтік көмек алатындар үшін ыңғайлы және қарапайым процесс істеу. Тауарлық газға жеңілдік беру процесін цифрландыру. Бюрократиядан арылу»
Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік әкімдікпен бекітілген тұтыну нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек.
ЕРЖІГІТ БАЛҚЫБЕКОВ, «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» АЖ ЖОБАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
- «СМС-ке жауап беру арқылы өздері рұқсат береді. Ваучерлік олардың еговтарына, әлеуметтік әмиянына түсуге. Ваучерді активировать еткен соң лицевой счетты енгізіп, әрі қарай скидканы автоматты түрде алады. Біздің жүйе максимально жеңілдетілген, қосымша құжаттар да қажет етпейді»
Пилоттық жоба бес ай ішінде жүзеге асырылады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылуда, онда Мемлекет басшысы азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын. Толық ақпаратты және бейне нұсқауларды «QazaqGaz Aimaq» АҚ сенім телефоны 5169 немесе aimaq.kz сайты арқылы алуға болады.