«Жасыл белдеу» аумағын сумен қамтитын су қоймасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылысты бақылап, жауаптыларға жұмыстарды ширату қажетін айтты.

Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн текше метрді құрайды. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр. Ескі тоғанды жаңырту ісіне «Тұран су» мекемесі тартылған. Жауаптылар Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді, - дейді.